kk
stringlengths
1
679
en
stringlengths
1
600
Егер 2017 жылғы Халықаралық валюта қорының болжамдары шамамен дұрыс болса, биыл ешқандай озық экономика дефляцияны бастан кешірмейтін онжылдықтың бірінші жылы болады.
If the International Monetary Fund’s projections for 2017 are approximately correct, this year will be the first in a decade that no advanced economy is experiencing deflation (figure).
Мүмкін тарихи ақшалай кеңейтудің көптен күткен әсерлері, сайып келгенде, жемісін беріп жатқан шығыр.
Perhaps the long-awaited effects of the historic monetary expansion are finally yielding fruit.
Сірә, Ұлыбритания, Жапония, және Еуроаймақтағы валютаның құнсыздануы катализатор болды-ау.
Most likely, currency depreciation in the UK, Japan, and the eurozone has been a catalyst.
2017 жыл шын мәнінде онжылдық дефляцияның кең қайтаруын белгілеу жылы болса, егер инфляция көңіл қалдырған онжылдықтан соң (Жапония үшін ұзағырақ) өз мақсатты деңгейінен асып түссе, онда ең ірі орталық банктер бұған қатты қобалжымайды деп күткен орынды.
If 2017 really does mark a broad reversal of a decade of deflation, it is reasonable to expect that most major central banks will be not be inclined to overreact if, after a decade or so (longer for Japan) of mostly downside disappointments, inflation overshoots its target.
Сонымен қатар, жоғары инфляция нысандары (бәлкім 4%) дұрыс болуы мүмкін деген ойлар (себебі олар болашақ рецессияда орталық банктерге пайда пайыздық ставкаларды төмендету үшін көбірек орын береді) кейбір академиялық және саясат орталарда орын алды.
Furthermore, the view that higher inflation targets (perhaps 4%) may be desirable (because they would provide central banks with more space to lower interest rates in the advent of a future recession) has gained ground in some academic and policy quarters.
Әрине, ірі орталық банктердің жоғары инфляцияға төзімділігін ынталандырудың тағы бір факторы болуы мүмкін.
Of course, there may be yet another factor motivating major central banks’ tolerance for higher inflation.
Бірақ олардың басшылары оны ашық түрде мойындамауы мүмкін: мен басқа жерде айтып өткенімдей, тіпті, орташа инфляцияның тұрақты дозасы озық экономикалар соңғы 15 жылда жинап алған жоғары мемлекеттік және жеке қарыз тауларын құртуға көмектеседі.
But their leaders may be unwilling to acknowledge it openly: as I have argued elsewhere, a steady dose of even moderate inflation will help to erode the mountains of public and private debt advanced economies have built up in the past 15 years or so.
Зейнеткерлер популизмінің болашағы бар ма?
Is Pensioner Populism Here to Stay?
МИЛАН – Батыс демократияларының көбінде соңғы жылдары қанат жайған оңшыл популизм саяси ландшафтағы әлдеқайда күрделі мәселе тәрізді.
MILAN – The right-wing populism that has emerged in many Western democracies in recent years could turn out to be much more than a blip on the political landscape.
Популистік партияларға жол ашып берген үлкен рецессия мен миграция дағдарысынан бөлек, Батыс халқының қартаюы да саяси билік динамикасын популистердің қалауына қарай бұрып отыратын сияқты.
Beyond the Great Recession and the migration crisis, both of which created fertile ground for populist parties, the aging of the West’s population will continue to alter political power dynamics in populists’ favor.
Жасы үлкен сайлаушылар ұлтшыл қозғалыстарды көбірек қолдайтын болып шықты.
It turns out that older voters are rather sympathetic to nationalist movements.
Қартаң британдықтардың көбі Еуропа одағынан шығуды қолдап дауыс берді, ал егде америкалықтардың басым бөлігі АҚШ президенттігіне Дональд Трампты сайлады.
Older Britons voted disproportionately in favor of leaving the European Union, and older Americans delivered the US presidency to Donald Trump.
Қариялардан қызу қолдау болмағанда Польшадағы «Құқық және әділет» (PiS) партиясы да, Венгриядағы Fidesz те билікке келмеген болар еді.
Neither the Law and Justice (PiS) party in Poland nor Fidesz in Hungary would be in power without the enthusiastic support of the elderly.
Италияда да «Лига» партиясы Солтүстік Италиядағы қарттардың наразылығының арқасында жеңіске жетті.
And in Italy, the League has succeeded in large part by exploiting the discontent of Northern Italy’s seniors.
Қазіргі популистердің арасында Франциядағы Марин Ле Пеннің «Ұлттық шеруі» (бұрынғы «Ұлттық майдан») мен Бразилиядағы Жаир Болсонару ғана жас сайлаушыларға арқа сүйейтін сияқты.
Among today’s populists, only Marine Le Pen of France’s National Rally (formerly the National Front) – and possibly Jair Bolsonaro in Brazil – relies on younger voters.
Келесі көктемде жас негізінде дауыс берудің осы ерекшелігі Еуропа парламенті сайлауының нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
Next spring, this age-driven voting pattern could drive the outcome of the European Parliament election. According to recent studies, older Europeans – especially those with less education – are more suspicious of the European project and less trusting of the European Parliament than younger Europeans are.
Соңғы зерттеулерге қарағанда, егде еуропалықтар, соның ішінде әсіресе жоғары білімі жоқтар, біртұтас Еуропа жобасына жастарға қарағанда көбірек күдіктеніп, Еуропа парламентіне сенімсіздікпен қарайды екен.
This is surprising, given that memories of World War II and its legacy should be fresher for older generations. Nevertheless, their skepticism toward democratic EU institutions may explain their receptiveness to authoritarian leaders.
Екінші дүниежүзілік соғыстың естелігі қарттардың есінде жақсы сақталғандықтан, бұл – таңқаларлық нәрсе.
Most likely, a growing sense of insecurity is pushing the elderly into the populists’ arms.
Соған қарамастан, олардың авторитар басшыларды қолдауына Еуроодақтың демократиялық институттарына деген сенімсіздігі ықпал етсе керек. Өздерін қорғансыз сезінген қарттар популистердің құшағына еніп бара жатқан тәрізді.
Leaving aside country-specific peculiarities, nationalist parties all promise to stem global forces that will affect older people disproportionately.
Мәселен, иммиграция қарт сайлаушыларды көбірек үрейлендіреді, себебі олар дәстүрлі құндылықтар мен томаға-тұйық қауымдастықтарға жақын келеді.
For example, immigration tends to instill more fear in older voters, because they are usually more attached to traditional values and self-contained communities.
Сол сияқты жаһандану мен технологиялық прогресс үлкен кісілер көбірек жұмыс істейтін бұрынғы, дәстүрлі салаларды өзгертіп жатыр.
Likewise, globalization and technological progress often disrupt traditional or legacy industries, where older workers are more likely to be employed.
20-30 жастағы жастар үстемдік етіп тұрған цифрлық экономиканың өркен жаюы да егде жұмысшыларды шетке итеруде.
The rise of the digital economy, dominated by people in their twenties and thirties, is also pushing older workers to the margins.
Және, бұрынғыдан айырмашылығы – қақырап жатқан зейнетақы жүйесі еңбек нарығындағы мұндай қиындықтарға шыдас берер емес.
But, unlike in the past, crumbling pension systems can no longer absorb such labor-market shocks.
Соның кесірінен қызметінен айырылған қариялар ұзақ уақытқа жұмыссыз қалып жатыр.
The result is that older workers who lose their job are condemned to long-term unemployment.
Ол ол ма, қазір зейнеткерлер зейнетақылары үшін өз балаларынан қауіп ете бастады.
Moreover, pensioners now have reason to worry about threats to their retirement benefits from their own children.
Зейнеткерлерге көбірек көңіл бөлетін әлеуметтік-саяси жүйеден көңілі қалған жастар буындар арасында қат ресурстарды бөлісуде әділдікті талап ете бастады.
Young people, frustrated with socioeconomic systems that are clearly tilted in favor of retirees, are increasingly calling for fairer intergenerational redistribution of scarce resources.
Мәселен, “Лига” партиясымен бірге коалициялық үкіметті басқаратын “Бес жұлдыз” қозғалысы жасына қарамастан жұмыссыздардың бәріне берілетін “азамат кірісі” жәрдемақысын енгізуге үндеді.
For example, Italy’s Five Star Movement, which governs in a coalition with the League, recently called for a “citizen’s income” that would be available to all unemployed people regardless of age.
Оңшыл популистер қарттарды өзіне қаратса, солшыл популистер жас буыннан қолдау іздеп жатыр.
So, while right-wing populists have attracted older voters, left-wing populist have gained a following among younger generations.
Қарт сайлаушылар оңшыл популистерді қолдай отырып, жаһандық күштер ішкі мәселелерге әсер етпеген, ұлттық шекара берік болған бұрынғы тәртіпті қайтарғысы келеді.
By backing right-wing populists, older voters hope to return to a time when domestic affairs were insulated from global forces and national borders were less porous.
Бүгінгі ұлтшыл саясаттың өзегі – қазіргі статус-квоны сақтап қалу не тіпті мифке айналған өткенді қайтару уәдесі.
At the heart of today’s nationalist politics is a promise to preserve the status quo – or even to restore a mythical past.
Сондықтан, егде қолдаушыларын жұмылдыру үшін ұлтшыл саясаткерлер ностальгия риторикасын қолданады.
Hence, nationalist politicians often resort to nostalgic rhetoric to mobilize their older supporters.
Дәл сол сияқты Дональд Трамп та бір кездері АҚШ-тың өндіріс ошағы болған “Өнеркәсіп белдеуіне” жұмыс орындарын қайтарамын деп уәде берді.
For his part, Trump has pledged to bring back jobs in the American Rust Belt, once the center of US manufacturing.
Сол себепті өзгеріске қарсылар қозғалысында ол айтқан АҚШ пен Мексика арасында дуал тұрғызу ұсынысынан басқа нақты символ жоқ.
Likewise, there could be no clearer symbol of resistance to change than his proposed wall on the US-Mexico border.
Және оның заңсыз иммигранттарға шүйлігіп, мұсылманы көп елдерден келетіндерге тыйым салу ұсынысы оның “таза” Америка ұлтына деген адалдығынан хабар береді.
And his crackdown on illegal immigration and ban on travelers from predominantly Muslim countries signals his commitment to a “pure” American nation.
Сол тәрізді құрлықтық Еуропада да оңшыл популистер еуро айналымға еніп, Еуроодақтың көп бөлігінде паспортсыз саяхаттауға мүмкіндік беретін Шенген жүйесі қалыптасқанға дейінгі кезеңге оралғысы келеді.
Similarly, in continental Europe, right-wing populists want to return to a time before the adoption of the euro and the Schengen system of passport-free travel within most of the EU.
Сондықтан олар зейнет жасын төмендетіп, зейнетақыны көбейтеміз деп (екеуі де – “Лига” партиясының негізгі ұрандары) қарт сайлаушыларға жағынады.
And they often appeal directly to older voters by promising to lower the retirement age and expand pension benefits (both are flagship policies of the League).
Ұлыбританияда Еуроодақтан шығуды қолдағандар “жаһандану заманында қалып қойғандардың” ұстанымының бұрыстығына дәлел табуға уәде берді.
In the United Kingdom, the “Leave” campaign promised vindication for those who have been left behind in the age of globalization.
Олардың еркін де тәуелсіз “Жаһанданған Британия” идеясын да алға тартқанын айта кетуіміз керек.
Never mind that it also touted the idea of a free and independent “Global Britain.”
“Брекзитшілер” құбылмалылығымен әйгілі.
The Brexiteers are not known for their consistency.
Қалай болса да, қазіргі популистік толқынның демографияға қаншалық арқа сүйеп отырғанына қарасақ, бұл процестің жуықта шарықтау шегіне жете қоюы екіталай.
At any rate, to the extent that today’s populist wave is driven by demographics, it is not likely to crest anytime soon. In graying societies, the political clout of the elderly will steadily grow; and in rapidly changing economies, their ability to adapt will decline.
Қартайып бара жатқан қоғамдарда егде кісілердің саяси салмағы өсе береді, ал жылдам өзгеретін экономикада олардың бейімделу мүмкіндігі кеми түседі. Соның нәтижесінде, қарт сайлаушылар әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті барған сайын көп талап ете береді, ал жауапсыз популистер олардың айтқанын орындау үшін дер сәтін күтіп отырады.
As a result, older voters will demand more and more socioeconomic security, and irresponsible populists will be waiting in the wings to accommodate them.
Бұған бірдеңе істеуге бола ма?
Can anything be done?
Ұлтшыл толқынды тоқтату үшін негізгі партиялар қарт сайлаушыларды қорғансыздық сезімінен арылтатын шараларды шұғыл түрде қолға алуы керек.
To stem the nationalist tide, mainstream parties urgently need to devise a new social compact that addresses the mounting sense of insecurity among older voters.
Олар ашықтық пен қорғаныстың, инновация мен реттеудің арасында лайықты тепе-теңдік табуы тиіс, және олар регрессивті популистік жолға түсіп кетпеуі керек.
They will need to strike a better balance between openness and protection, innovation and regulation; and they will need to do so without falling into a regressive populist trap.
Мұндағы ой – жаһандық күштерді тұншықтыру емес, толеранттырақ ету.
The answer is not to suffocate global forces, but to render them more tolerable.
Қазіргі және болашақ қиындықтарға барлық жастағы азаматтар бірдей дайын болуы керек.
Citizens of all ages need to be equipped to face current and future disruptions.
Бұл жағдайда қарт кісілерді жай қорғап қана қоймай, оларға күш беру қажет.
In this sense, it is better to empower the elderly than simply to protect them.
Экономикасы ең дамыған елдер саны шектен тыс мүдделі топтарға жаппай ақша қосуға қауқарсыз.
Most advanced economies simply cannot afford massive new benefits for an oversized interest group.
Оның үстіне, кісіні қандай да бір сыртқы күшке арқа сүйеуге үйрететін саясат моральдық тұрғыда күмәнді.
And besides, a policy that makes people reliant on some form of external support is morally questionable, at best.
Оның орнына үкімет егде қызметкерлердің біліктілігін арттыруға күш салып, қарт және жас буынның бірге жұмыс істеуіне көбірек жағдай жасауы керек және жағдайды ушықтырушыларды өз әрекеттерінің әлеуметтік-саяси салдарына жауапты ету қажет.
Instead, governments should focus on upgrading older workers’ skills, creating more opportunities for older and younger generations to work together, and holding disruptors accountable for the socioeconomic consequences they generate.
Тек халықтың әлеуметтік тұрғыда ең әлсіз топтарына жәрдемақы берілуі керек.
Subsidies to the most vulnerable should remain a last resort.
Қай жағынан қарасақ та, егде сайлаушылардың популистерге үйір болуы – олардың көмек сұраған жанайқайының белгісі.
In many ways, older voters’ infatuation with populists is a cry for help.
Білімді саясаткерлер бұған конструктивті түрде жауап беруі тиіс.
It is up to enlightened politicians to respond to it constructively.
АҚШ-тағы сауда дефицитінің ащы шындығы
Inconvenient Truths About the US Trade Deficit
КЕМБРИДЖ – АҚШ-тың сауда баланысының дефициті - 450 миллиард доллар, яғни ЖІӨ-нің 2,5 пайызы.
CAMBRIDGE – The United States has a trade deficit of about $450 billion, or 2.5% of GDP.
Демек, америкалықтар әлемге экспортына қарағанда сырттан қызметтер мен тауарды 450 миллиард долларға көп импорттайды.
That means that Americans import $450 billion of goods and services more than they export to the rest of the world.
АҚШ-тағы бұл дефициттің жыл өткен сайын артуының себебі неде? Америкалықтардың өмір стандарттары төмендей бастаса не болуы мүмкін?
What explains the enormous US deficit year after year, and what would happen to Americans’ standard of living if it were to decline?
«АҚШ өнімдерін өз нарықтарында сатуға кедергі келтіріп, сол арқылы Америка бизнесіне зиянын тигізіп, жұмысшыларының өмір стандарттарын төмендетіп отыр» деп шетел үкіметтеріне кінә арту оңай.
It is easy to blame the large trade deficit on foreign governments that block the sale of US products in their markets, which hurts American businesses and lowers their employees’ standard of living.
АҚШ-қа тауар экспорттауға қолдау білдіріп отырған үкіметтерді де кінәлау оңай. Солардың кесірінен америкалықтардың бизнесі шетелдіктерге орын босатып отыр (дегенмен, америкалық тұтынушылар сатып алатын заттарға шетел үкіметтері субсидия берсе, онда бұдан АҚШ-тағы отбасылар ұтатыны анық).
It’s also easy to blame foreign governments that subsidize their exports to the US, which hurts the businesses and employees that lose sales to foreign suppliers (though US households as a whole benefit when foreign governments subsidize what American consumers buy).
Бірақ АҚШ-тағы сауда дефицитіне басқа елдердің импортқа тосқауыл қоюы мен экспортқа субсидия беруі себеп болған жоқ.
But foreign import barriers and exports subsidies are not the reason for the US trade deficit.
Басты себеп – америкалықтар өздері өндіргенінен көп қаражат жұмсайды.
The real reason is that Americans are spending more than they produce.
Саудадағы жалпы дефицитке басты себепкер – АҚШ-тағы бизнес пен жекелеген отбасылардың қор жинау мен инвестиция салуға қатысты шешімдері.
The overall trade deficit is the result of the saving and investment decisions of US households and businesses.
Шетелдік үкіметтердің саясаты тек Американың саудадағы әріптестерінің арасында сол дефицитті өзара бөлісуге қатысты ғана болуы мүмкін.
The policies of foreign governments affect only how that deficit is divided among America’s trading partners.
Америкалықтардың қор жинау мен инвестициядағы шешімдерінің сауда дефицитіне әсері мынадай: егер мемлекет бизнес құрал-жабдықтары мен құрылымдарына инвестиция салғаннан гөрі көбірек үнемдесе, онда оның сырт әлемге сататын өнімі де көбірек болады.
The reason why Americans’ saving and investment decisions drive the overall trade deficit is straightforward: If a country saves more of total output than it invests in business equipment and structures, it has extra output to sell to the rest of the world.
Басқаша айтсақ, инвестицияны алып тастағандағы қор экспорт минус импортқа тең, бұл – кез келген елдің кез келген уақыттағы ерекшелігі.
In other words, saving minus investment equals exports minus imports – a fundamental accounting identity that is true for every country in every year.
АҚШ-тың сауда дефицитін азайту үшін америкалықтар көбірек қор жинап, азырақ инвестиция салуы керек.
So reducing the US trade deficit requires Americans to save more or invest less.
АҚШ өнімдеріне басқа елдердің нарықтарын ашып, басқаларға АҚШ-тың нарығын жауып тастайтын саясат жалпы сауда балансына әсер ете алмайтыны айдан анық.
On their own, policies that open other countries’ markets to US products, or close US markets to foreign products, will not change the overall trade balance.
АҚШ сауда дефицитін отыз жылға жуық бір деңгейде ұстап келді, себебі шетелдіктер АҚШ-тың акциялары мен облигацияларын сатып алып, ондағы жылжымайтын мүлікке инвестиция салу арқылы ақша құюға әзір болды.
The US has been able to sustain a trade deficit every year for more than three decades because foreigners are willing to lend it the money to finance its net purchases, by purchasing US bonds and stocks or investing in US real estate and other businesses.
Алдағы жылдары да бұл үрдістің әрі қарай жалғасатынына ешқандай кепілдік жоқ, дегенмен бұл процестің тоқтауына да еш негіз байқалмайды.
There is no guarantee that this will continue in the decades ahead; but there is also no reason why it should come to an end.
Америкалықтарға қарыз берген шетелдік ұйымдар ақшасына қайтарып алса, қарыз берушілердің жаңа буыны олардың орнын басады.
While foreign entities that lend to US borrowers will want to be repaid some day, others can take their place as the next generation of lenders.
Егер шетелдіктер АҚШ-тың қаржылық активтеріне сұранысты азайтса, ол активтердің бағасы да арзандайды, соның нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме артады.
But if foreigners as a whole reduced their demand for US financial assets, the prices of those assets would decline, and the resulting interest rates would rise.
АҚШ-тағы мөлшерменің артуы ішкі инвестицияны азайтып, қор жинауға итермелейді, содан келіп сауда дефициті кемиді.
Higher US interest rates would discourage domestic investment and increase domestic saving, causing the trade deficit to shrink.
Сауда дефицитінің азаюы қазір импортпен бәсекеге түсіп жатқан америкалық экспортерлар мен фирмаларға көмектескен болар еді.
The smaller trade deficit would help US exporters and firms that now compete with imports.
Бірақ сауда дефицитінің төмендеуінен америкалықтардың тұтынатын өнімдері азайып, болашақта тұтынатын заттардың өндірісіне салатын инвестициясы кемиді.
But a decline in the trade deficit would leave Americans with less output to consume in the US or to invest in the US to produce future consumption.
Ал бұл – мәселенің бір жағы ғана.
And that is only part of the story.
Сауда дефицитін азайту үшін АҚШ халқы мен бизнесіне ұсынылатын тауарлар мен қызмет түрлерін кемітіп қана қоймай, Американың тауарларын шетелдіктерге тартымды қылып, шетелдің тауарларын Америкада тартымсыз ету керек.
In addition to shrinking the remaining amount of goods and services available to US households and businesses, reducing the trade deficit requires making US goods and services more attractive to foreign buyers and foreign goods less attractive to US buyers.
Бұл – доллар курсы төмендегеннен АҚШ-тың экспорт құны кеміп, импорт бағасы өседі деген сөз.
That means lower US export prices and higher import prices, brought about by a fall in the value of the dollar.
Ұлттық өнімнің физикалық көлемі бұрынғы қалпында қалса да, оның ішкі тұтынушылар арасындағы құны төмендейді, себебі импорттан сонша табыс табу үшін олар көбірек өнім өндіруге мәжбүр болады.
Even with the same physical volume of national output, the value of US output to domestic consumers would fall, because the US would have to export more output to obtain the same value of imports.
Сауда саласындағы сарапшылардың болжамы бойынша, АҚШ-тың сауда дефицитін ЖІӨ-нің бір пайызына төмендету үшін экспорт бағасын 10 пайызға түсіріп, импорт бағасын 10 пайызға көтеру керек.
Trade experts estimate that reducing the US trade deficit by one percent of GDP requires export prices to fall by 10% or import prices to rise by 10%.
Бағадағы осы өзгерістер қазіргі 2 пайыз сауда дефицитін азайтып, АҚШ-та сауда балансын орнатуға мүмкіндік береді.
A combination of these price changes is about what it would take to shrink the current trade deficit by 2% of our GDP, bringing the US close to trade balance.
Бірақ, АҚШ-тың экспорты ЖІӨ-нің 15 пайызын, ал импорты ЖІӨ-нің 12 пайызын құрайтындықтан, экспорт бағасының 10 пайызға төмендеуі орташа шынайы табысты (инфляцияны ескергендегі) 1,5 пайызға төмендетсе, импорт бағасының 10 пайызға өсуі шынайы табысты тағы 1,2 пайызға азайтып жібермек.
But, because US exports and imports are 15% and 12% of GDP, respectively, a 10% decline in export prices would reduce average real (inflation-adjusted) income by 1.5%, while a 10% rise in import prices would reduce real incomes by an additional 1.2%.
Демек, сауда дефицитін жою үшін АҚШ-та өндірілетін өнімнің 2,5 пайызын басқа жаққа ығыстырып, экспорт пен импорт бағасын өзгерту керек, бұл олардың шынайы құнын ЖІӨ-нің 2,7 пайызына дейін төмендетеді.
Thus, eliminating the trade deficit would require shifting about 2.5% of US physical production to the rest of the world, as well as a change in export and import prices that reduces their real value by another 2.7% of GDP.
Қысқаша айтсақ, ұлттық өндірістің деңгейін өзгертпесе де, америкалықтардың шынайы табысы 5 пайызға төмендейді.
In short, with no change in the level of national output, Americans’ real incomes would decline by about 5%.
Ұзақ мерзімдік тұрғыдан қарасақ, ұлттық өнімнің өсу деңгейі АҚШ-тағы зауыттар мен құрал-жабдықтарға салынатын жалпы инвестицияның ахуалына байланысты.
Over the longer run, the growth rate of national output depends on what happens to overall US investment in plant and equipment.
Егер тұтыну көбейіп, инвестиция азаюдың арқасында дефицит кемісе, инвестицияның тарылуы даму көрсеткішін төмендетеді, бұл ұзақмерзімдік табыстардың да азаюына алып келеді.
If the trade deficit shrinks because consumption rises and investment falls, the lower level of investment would cause the growth rate to decline, further decreasing the long-run level of real income.
Бірақ егер сауда дефициті отбасылар көп қор жинап, үкіметтің дефициті кемігеннен болса, инвестицияның жоғары деңгейін сақтап тұруға, сол арқылы ұзақ мерзімдік тұрғыдан жоғары табысты сақтап қалуға мүмкіндік бар.
But if the trade deficit narrows because households save more and government deficits are reduced, it is possible to have a higher level of investment – and thus higher incomes in the long term.
Демек, сауда балансының тағдырын Американың жинақ қорындағы өзгерістер мен халықтың ұзақ мерзімдік шынайы табыстары шешпек.
So changes in America’s saving rate hold the key to its trade balance, as well as to its long-term level of real incomes.
Басқаларды кінәлау бұл жағдайды өзгерте алмасы анық.
Blaming others won’t alter that fact.
Аргентинаның G20-ға төрағалығының күнгейі мен көлеңкесі
Promise and Peril for Argentina’s G20 Presidency
ВАШИНГТОН – 2016 жылғы маусым, Аргентина президенті Маурисио Макридің тасы өрге домалап келе жатқандай көрінеді.
WASHINGTON, DC – It is June 2016, and things seem to be looking up for Argentine President Mauricio Macri.
Аргентина 2018 жылы G20 төрағасы қызметін атқаратын болды.
Argentina has just been approved to fill the G20 presidency in 2018.
АҚШ-та президент сайлауы науқаны қызып келеді, көпшілік Хиллари Клинтонның Демократиялық партиядан жеңіп шығып, қарашада болатын сайлауға қатысатынына сеніп отыр.
The US presidential race is heating up, but it seems all but certain that Hillary Clinton will win the Democratic nomination and sail to victory in November.
Макри өзімен рухы жақын одақтасымен бірлесіп, халықаралық саясаттағы ойларын жүзеге асыратынына үмітті.
Macri is feeling optimistic about advancing his international agenda with a like-minded ally.
Таспаны бүгінгі күнге жылдам айналдырайық.
Fast-forward to today.
Макри өзі ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып шыққан әлемдік табиғатты қорғау мәселесін қалай шешуді білмей қол қусырып қарап отыр.
Macri must be wringing his hands over an international environment that is far more challenging than he probably anticipated.
Дегенмен, Аргентина G20-дағы төрағалықтан әлі көп үміт күтеді.
Still, all is not lost for Argentina’s upcoming G20 presidency.
Әрине, «Алдымен Америка» деп өзеуреп отырған АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы тұру қиын.
To be sure, confronting US President Donald Trump and his “America First” agenda will not be easy.
Париж климат келісімінен шығу туралы шешім шығарған Трамп шілдедегі Гамбург қаласында өткен саммитте басқа 19 елдің басшысынан бөлініп, оқшау қалды. Бүкіл халықаралық қауымдастық бұл келісімнен бас тартуға болмайды деп отыр.
At the G20 Summit in Hamburg last month, Trump already managed to isolate himself from the 19 other leaders, including Macri, by standing behind his decision to withdraw from the Paris climate agreement – a deal that virtually the entire international community considers irreversible.
Сонымен бірге Трамп Солтүстік Америка еркін сауда келісімін (NAFTA) қайта қарауды талап етіп отыр.
Similarly, Trump has demanded renegotiation of the North American Free Trade Agreement (NAFTA).
Осы айда басталатын бұл келіссөздердің тез аяқтала қоймасы белгілі, егер АҚШ тізеге басып шешетін болса, онда Вашингтон G20 мүшелері Мексика мен Канадамен арасын нашарлатып алады.
That process, which begins this month, is unlikely to be resolved quickly and, if handled clumsily, could disrupt US relations with G20 members Mexico and Canada.